From Wikipedia, the free encyclopedia
Виктор Иванович Пацаев — КСРО-ның ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Ғарышкер | |
---|---|
Азаматтығы | КСРО |
Туған | 1933 маусымның 19 Ақтөбе, Қазақ АКСР |
Қайтыс болғаны | 1971 маусымның 30 Қарағанды облысы, Қазақ КСР |
Мансабы1 | Зерттеуші-ғарышкер |
Ғарыштағы уақыт | 23d 18h 21m |
Іріктелуі | 1969 |
Тапсырыс(тары) | Союз 11 |
1 алдыңғы не ағымдағы |
1933 жылы 19 маусымда Ақтөбе қаласында туған.
Пенза индустрия (қазіргі политехникалық) институтын бітіргеннен кейін (1955), КСРО Гидрометеорология қызметінің Орталық аэрология обсерваториясында және конструкторлық бюрода қызмет етті.
1969 жылы ғарышкерлер отрядына қабылданды.
1971 жылы 6 маусымда «Союз-11» ғарыш кораблімен сынаушы ретінде Г.Т. Добровольский және В.Н. Волковтармен бірге ғарышқа ұшты. Сол жылғы 7 маусымда «Союз-11» ғарыш кораблі «Салют» ғылыми станциясымен түйісу операциясын ойдағыдай жүзеге асырып, ғарышта 23 тәулікке жуық барлығы 25 тәулік болды. Ұшу бағдарламасы толық аяқталып, Жерге қону кезінде түсу аппаратының герметикалылығы бұзылуы салдарынан экипаждың басқа мүшелерімен бірге қаза тапты.
Ленин орденімен марапатталған.
Қызыл алаңда Кремль қабырғасына жерленді.
Пацаев атында Ақтөбеде көше, алаң, мектеп, шаруашылық ұжымдары бар.
1972 жылдың 19 маусымында ұшқыш-косманавтқа арналған ескерткіш-бюсттің салтанатты ірге тасы қойылды. Ескерткіштің авторлары — скульптор Ю.А.Тур мен архитектор А.А.Заварзин үлкен ауқымды жұмыс атқарды.Бюсттің биіктігі 2 метр.Ескерткіш 1976 жылы ашылды.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.